Өзектi

Қазақстанда ересектердің білімін бағалаудың PIAAC бағдарламасы енгізіледі

02.03.2015

5393

Қазақстанда ересектердің білімін бағалаудың PIAAC бағдарламасы енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлім етті.
«ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бәсекелестікке бейімдеу жөніндегі еуразиялық бағдарламасының басшысы Антонио Соммамен кездесуінде көптеген мәселелер қарастырылатын болады. Олардың ішінде білім саласына қатысты мәселелер бар», - деп атап өтті кездесу алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Тахир Балықбаев.

Оның атап өтуінше, Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ұзақ жылдан бері білім саласындағы көптеген жобаны бірлесе жүзеге асыруда. Олардың ішінде балалардың білім деңгейін бағалаудың PISA, TIMSS сынды бағдарламалары бар.

«Биылдан бастап ересектердің де білімін бағалаудың PIAAC деген жобаны іске асырайын деп жатырмыз. Сонымен бірге жоғары білім саласы дамуын тексеріп, одан кейін оны одан әрі дамыту мәселелері жөнінде арнайы бағдарлама дайындалатын болады. Ол алдағы 1-2 жылда жүзеге асырылады», - деді вице-министр.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар