Өзектi

Google компаниясы мен X Prize қоры Ай бетінде жарыс ұйымдастыруға бел буды

26.02.2015

5137

Google компаниясы мен X Prize қоры ұйымдастырған сайысқа ғарыш аппараттарын қатыстырып, Жер серігінің бетінде 500 метр қашықтықта жарысады.
Келер жыл соңында болатын бұл бәсекеде 1 америкалық және 2 жапондық аппарат «күш сынасып», оның барысы Жер шарына айқындылығы жоғары бейнетаспаға түсіріліп, таратылады, деп хабарлайды 24.kz.

Америкалық Andy және жапондық Moonraker мен Tetris ғарыштық аппараттары Falcon 9 SpaceX ракетасына тиеліп, 2016 жылы Айға жеткізіледі. Олар Ай үңгірлерінің аумағындағы Ажал өзенінің маңына орналастырылады. Осы тасымалды ұйымдастырушы Astrobiotic компаниясы сайысқа қатысуға ниет білдіретін өзге ғарыш аппараттарын да жеткізуге дайын. Тек жолға кететін шығын құнының жартысын төлесе болғаны. Қомақты жүлдені жеңіп алу үшін 3 шарт қойылған: Ай бетіне дұрыс қона білу, Жер серігінің 500 метрін жылдамдықпен жүріп өтіп, сол уақытта Жер шарына айқындылығы жоғары бейнетүсірілім тарату.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар