6 ақпан күні ТарМУ-дың Технологиялық факультетіне Вулверхэмтон қаласынан (Ұлыбритания) химия ғылымдарының докторы Эль-Саид Негим келді. Ол «Химия және химиялық технология» кафедрасының магистранттары мен докторанттарына дәріс оқып, тәжірибе алмасу мақсатымен арнайы келген.
Ғалым Эль-Саид Негим «Болон процесі және академиялық ұтқырлық» бөлімі және «Химия және химиялық технология» кафедрасымен бірлесе отырып конференция өткізді. Конференцияда Эль-Саид Негим жаңа ғылыми жобаларымен бөлісті. Яғни, оның «тамақ қалдықтарын бетон өндіруде қолдану» туралы ғылыми жобасы таныстырылып, жаңалық кафедра профессорлары мен оқытушыларының қызығушылығын тудырды.
Конференцияда маңызды ғылыми мәселелер талқыланып, тәжірибе алмасу жүрді. Сондай-ақ, Эль-Саид Негим студенттерге қосымша дәріс оқып, оқытушыларға семинар сабақтарын өткізді.
Бұған дейін Эль-Саид Негим «Химия және химиялық технология» кафедрасының профессорларымен бірлесе ғылыми ізденістер жүргізген болатын. Нәтижесінде ол докторанттарға ғылыми жетекшілік етіп, халықаралық Thomson Reuters компаниясы ақпараттық базасының немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін мәліметтер бойынша басылымдарға ғылыми мақалалар жариялап отыр.
Дереккөзі: tarsu.kz