Өзектi

Солтүстік Қазақстан ғалымдары ірі қара мал эмбрионадарын трансплантациялау тәжірибесін дамыта түспек

21.01.2015

6495

Солтүстік Қазақстан Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығын дамыту институының ғалымдары 2014 жылғы жұмыс қорытындыларын шығарды.
«Өткен жылы ғалымдар облыстың 26 шаруашылығының жем-шөбіне 126 сынама жүргізді. Жалпы шығын сомасы 1 млн 700 мың теңгені құрады. Қаражат мемлекеттік қазынадан бөлінді, жем-шөптен басқа малдың жай-күйін айқындау үшін олардың қанын, өнімнің сапасыздығына жол бермес үшін сүті де зерттелді.

2014 жылы 40 мың сынама жасадық. 20 мыңын жергілікті тауар өндірушілерден, тағы 20 мыңы Қостанайдан әкелінді. Жергілікті зертхана қажет. Бүгінде ол Алматыда ғана бар, - деді Солтүстік Қазақстандық Мал және өсімдің ғылыми зерттеу инстиутының бас директоры Қанат Мыңжасов.

2015 жылы жаңа міндеттер алға қойылды.

«Эмбрион ауыстырумен айналысып көрмекпіз. Жабдықтар бар. Бүгінде бірнеше шаруашылықпен шарт жасастық. Тәжірибе де бар. Өткен жылы 10 сиырды жасанды ұрықтандырдық. Жартысына жуығы төлдеді», - деп сөзін түйіндеді Қ. Мыңжасов.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар