ОҚО оқушылары халықаралық математика біріншілігінен олжалы оралды
14.01.2015
6193
Оңтүстікқазақстандық оқушылар халықаралық математикалық олимпиададан олжалы оралды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
2-9 қаңтар аралығында «Черно Ризец Храбр» халықаралық математикалық олимпиадасы Болгария астанасы София қаласында өтті. Сайысқа Қазақстаннан 21 оқушы барып, олардың 16-сы жүлделі орындарға, ал 5 оқушы арнайы сертификатқа ие болды.
«Оның ішінде оңтүстікқазақстандық 19 оқушының 14-і 3 алтын, 4 күміс, 7 қола медальға қол жеткізсе, 5 оқушы арнайы сертификатпен марапатталды» деп жазады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.
Дереккөзі: bnews.kz
| «« | »» |