Өзектi

ҚР БҒМ технологияларды коммерциялауға гранттық қаржыландыруды арттыруды жоспарлап отыр

23.12.2014

4985

Қазақстанда технологияларды коммерциялауға гранттық қаржыландыруды арттыру жоспарланған, деп хабарлады бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкіметтік сағат барысында білім вице-министрі Такир Балықбаев.

«ҚР-да қаржыландырудың 80-85% іргелі қолданбалы зерттеулерге, шамамен 15% тәжірибелі құрылымдық жұмыстарға бөлінеді. Әлемде басқаша практика, қаражаттың 60-65% құрылымдық әзірлемелерге жұмсалады, бұл тәсіл қолдау тапты, сондықтан нақты коммерциялауға гранттарды, оның ішінде патент беруді қаржыландыруды арттыруды жоспарлап отырмыз», - деді Т.Балықбаев.

Ол қазіргі уақытта Білім министрлігі Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықта технологияларды коммерциялау саласында 30 жобаны жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Бұл мақсаттарға, вице-министрдің айтуынша, 6 млрд. теңгені құрады. Аталған көлемнен 10 жоба өндіріске қосылған.

Бұдан өзге, ведомство басшысының орынбасары Қазақстанда ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті коммерциялау бойынша заң жобасы әзірленіп жатқанын айтты.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар