Өзектi

Немістер сымсыз лифт жасап шығарды

11.12.2014

5399

Неміс мамандары сымсыз лифт жасап шығарды. Ол элетромагниттік өрістің көмегімен жылжиды.
Зәулім ғимараттарға арналған тасымал жүйесінің жаңа түрін Thyssenkrupp өнеркәсіп компаниясы ұсынып отыр, деп хабарлайды kazakh-tv.kz.
Қозғалтқышсыз және темір арқанның көмегінсіз жұмыс істейтін лифт кабиналары жоғары-төмен және көлденең де қозғала алады. Осылайша, бір шахтада бір уақытта бірнеше лифтінің жұмыс істеуіне мүмкіндік туып отыр. Өнеркәсіптегі бұл жаңалық құрылыс саласына оң әсерін тигізіп, сәулет өнерінің дамуына жол ашары сөзсіз, дейді компания басшылығы.

«Біз бір кабинада 8 адамды тасымалдайтын технологияны құрастырып жатырмыз. Салмағының төмендігіне байланысты олардың жылдамдығы анағұрлым жоғары болмақ. Лифт есіктері үнемі қозғалып тұрады, және әрбір 15-30 секунд сайын ашылып-жабылады», - дейді ThyssenKrupp компаниясының лифтілер департаментінің орындаушы директоры Андреас Ширенбек.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар