Өзектi

«Ғылыми қазына» бағдарламасы бойынша жарыққа шыққан бес кітаптың таныстырылымы өтеді

09.12.2014

5602

12 желтоқсан күні Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада «Ғылыми қазына» бағдарламасы бойынша жарыққа шыққан бес кітаптың таныстырылымы өтеді.
Осы күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасы бойынша жүзеге асып отырған «Ғылыми қазына» бағдарламасы аясында 34 томдық «Классикалық зерттеулер» сериясының және «Ұлы дала тұлғалары» сериясы бойынша «Абай», «Жамбыл», «Құрманғазы», «Әбілхан Қастеев», «Күләш» кітаптары оқырмандарға таныстырылатын болады.

Аталған кітаптарды Алматы қаласындағы «Әдебиет әлемі» баспасы жарыққа шығарған.

Жаңа жинақтарды таныстыру рәсіміне Парламент Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметтің лауазымды тұлғалары, министрліктер мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері шақырылды.

Бұл шараны Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырып отыр.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар