Өзектi

Талдықорғандық оқушылар робот жасау бойынша бүкіләлемдік олимпиадада 3-орынға ие болды

09.12.2014

5147

Талдықорғандық оқушылар құрастырған робот-гироскоп Сочидегі робототехника бойынша бүкіләлемдік олимпиадада 3 орынға ие болды, деп хабарлады «Экспресс-К» газеті.


Робототехника пәнінің мұғалімі Николай Авдюнин айтқандай, бұл жоба бойынша ол 8-сынып оқушысы Ратмир Сартбаев пен 9-сынып оқушысы Бек Талғат екеуімен бір жылдан астам жұмыс жасаған. Алғашқы нұсқасын республикалық байқауда көрсеткен, кейін бұл роботты жетілдірген.

«Біздің робот-гироскопымыз ғарыш стансасының тұрған жерін бір сантиметрге дейінгі дәлдікпен түзеп, Күн энергиясын алу үшін фотоэлементтерді қажетті ракурсқа бағыттау үшін оны бұра алады», - дейді жас өнертапқыштар Ратмир Сартбаев пен Бек Талғат.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар