Шымкент оқушысы Президенттік олимпиадада үздік атанды
08.12.2014
6080
Шымкент оқушысы Президенттік олимпиадада үздік атанды. Ол жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша жарысқа қатысқан, деп хабарлады Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметінен.
Жетінші олимпиадада Әбдіраш Мұратханға тең келер қарсылас табылмады.
«Әбдіраш - 12 D сыныбының оқушысы. Біздің мектепте 2013 жылдан білім алуда. Бұрын Мақтаарал ауданында оқыған. Ол инженер болуды армандайды», - деді баспасөз қызметінен.
Осыған дейін Әбдіраш Мұратхан аймақтық кезеңнің финалисі атанған.
Дереккөзі: inform.kz
| «« | »» |