Өзектi

Жастардың жасы өзгеріссіз қалды – А.Сәрінжіпов

04.12.2014

5258

Жаңа редакциядағы заң жобасында «жастар» ұғымын қамтитындар өзгеріссіз, 14 пен 29 жас аралығында болып қалдырылды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті. Еске сала кетейік, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданған болатын.

Талқылау барысында депутат Серікбай Нұрғисаев заман талабына сәйкес, «Жастар ұғымы аясында олардың жасын ұлғайту мәселесіне назар аударған еді.

«Өйткені, қазіргі таңда Қазақстан Баллон келісіміне кірген соң, бакалавриаттар, магистранттар, PhD докторлары шетелдерде оқып келетін болды. Соңғы статистикаға сәйкес, жастардың үй болып үйлену, балалы болу мерзімі ұзарып бара жатыр. Бұрынғы ұғымда жастар 14-29 жас аралығында болатын. Осыны 33-34 жасқа дейін апару керек сияқты?» – деген болатын.

Өз кезегінде министр Аслан Сәрінжіпов заң жобасындағы нормада жастар ұғымы 14 пен 29 жас аралығындағыларды қамтып отырғанын атап өтті.

«Халықаралық тәжірибеге, өзіміздің қалыптасқан тарихи тәжірибемізге сүйенсек, бізге осы дұрыс. Сондықтан жасы 29-ға дейінгілерді жастар ретінде алып отырмыз, 30-ға толған адамның өмірден тәжірибесі бар, көрген-білгені барлар қатарына жатады. Біз осылай деп қалдырдық», – деді А.Сәрінжіпов.

Еске сала кетейік, бұған заң жобасы аясында «жастар» ұғымы бойынша жас аралығы ұлғайтылатыны талқыланған болатын.

Дереккөзі: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар