Өзектi

Қызылордалық өнертапқыштар өнімі

03.12.2014

4864

Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының инженері Бауыржан Мұхамедқалиұлы Шыңғысовты нағыз өнертапқыш деп айтуға болады. Өйткені оның «Монтерлік белбеулер мен қадауылдарды механикалық жолмен сынақтан өткізу» стенд- шкафы туралы рационализаторлық ұсынысы 2012 жылдың қараша айынан бері өнертапқыштық ұсыныс деп танылып өндіріске енгізілді. Өнертапқыш Бауыржан Шыңғысов пен Мақсат Шайжановтың бұл өнімді туындысы мекеменің жұмысын жеңілдетіп, электромонтерлардың құралдарын сынақтан өткізу Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының өзінде жүргізіліп отыр. Инженерлер ойлап жасаған стенд-шкаф құрал-жабдықтарды сынақтан өткізу талабына сай етіп 45*45*4 көлемдегі негізгі қаңқадан, 0,6мм диаметрлі құрыш трос өткізілген 4 блоктан жинақталып құрастырылған.Сынаққа салынған құрал- жабдықты құрыш троспен барабанды редуктор қажетті салмаққа дейін керіп, сол күйінде нормативті уақытқа ұстайды. Осы уақыт ішінде ешқандай өзгеріске ұшырамаса құрал жабдық жарамды болып табылады. Бұл Қызылордалық өнертапқыштардың стенд-шкафы ресейлік стенді құнынан 134 098 теңгеге арзанға түсіп отыр. Жалпы стенд-шкафты жасауға кеткен материал құны, оны жасауға төленетін еңбек ақысы 190 902 теңгені құрайды. Ал электромонтерлар құрал- жабдықтарын сынақтан өткізетін Ресейлік стенд-шкафтың жалпы құны 325000 теңге.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар