Өзектi

Назарбаев университеті ұлттық банк мамандарын даярлайтын болды

03.12.2014

5195

ҚР Ұлттық банкі, Назарбаев университеті мен ҚР Білім және ғылым министрлігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz.
Ынтымақтастық аясында қаржы саласына мамандар даярлау мәселесі қамтылған. Назарбаев университеті МВА, жетекшілерге арналған МВА, MSc, PhD және Ұлттық Банктің басшылық қызметкерлеріне арналған бағдарламалар бойынша білім беруді қолға алатын болды.

Аталмыш меморандумға Назарбаев университетінің жанынан Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен бизнес жоғарғы мектебі (БЖМ) мен мемлекеттік саясат жоғарғы мектебі (МСЖМ) жаңа ғимараттарының ашылу салтанаты барысында қол қойылды.

Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсудің айтуынша, бизнес жоғарғы мектебі мен мемлекеттік саясат жоғарғы мектебінің жаңа ғимараттарында үлкен лекция оқу дәрісханалары, кең-ауқымды шаралар, семинарлар мен әлемдік деңгейдегі конференциялар өткізуге ыңғайлы түрлі сыйымдылықтағы конференц-залдар мен видеоконференция өткізуге арналған залдар бар. Жобалау жұмыстары кезінде білім берудің соңғы әдістемелері, сондай-ақ энергия тиімділік бойынша озық технологялар толықтай ескерілді.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар