Өзектi

Павлодарлық жас ғалымдар ҚР БҒМ мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегерлері атанды

03.12.2014

5541

Павлодардағы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің «электр энергетикасы» кафедрасының докторанты Бауыржан Машрапов пен «экономика» кафедрасының доценті Сәуле Рахымова ҚР Білім және ғылым министрлігінің жас дарындарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегерлері атанды, деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметінен.
Стипендия мемлекет үшін басым бағыттарда, кадрларды дайындауда іргелі немесе қолданбалы зерттеулер жүргізуге белсенді қатысатын дарынды жас ғалымдарға тағайындалады.

Сәуле Рахымова - монография, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы, 100-ден астам ғылыми мақалалары бар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы жетістіктері үшін облыс әкімінің грантын алған, «Жас талап» және «ЖОО үздік оқытушысы» байқауларының жеңімпазы болып табылады.

Лайықты стипендияның тағайындалуына орай құттықтауды қабылдаған, болашақ Phd докторы Бауыржан Машрапов өз лебізін былай білдірді: «Ең алдымен бірнеше жыл бірге жұмыс істеген ғылыми жетекшім Марк Яковлевич Клецельге алғысымды айтқым келеді. Оның басшылығымен ғылыммен айналыса жүріп, баспасөз беттерінде 25-тен астам мақалам жарияланды. Мемлекеттік ғылыми стипендия алу үшін байқауға қатысып, бағымды сынап көргім келді. Бұл ғылыммен айналысатын жас ғалымдарға ерекше қолдау, ынталандыру дер едім».

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар