Өзектi

Қазақстандық оқушылар Сочиде өткен халықаралық олимпиададан жүлдемен оралды

02.12.2014

5450

Әлемнің 47 мемлекетінен жиылған жас өнертапқыштардың арасында еліміздің намысын әр аймақтан іріктелген 27 талапкер қорғаған болатын. Олардың қатарында Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Талғат Бек пен Ратмир Сартбаев та болды, деп хабарлады www.24.kz.
Жетісулық қос шәкірттің инновациялық жобасы - гироскоп роботы мамандардың назарына ілініп, қола медальдың иегері атанды. Гироскоп ғарыштық станцияларда қолданылатын айналмалы құрал. Ол адамның көмегінсіз жұмыс істей алмайды. Ал біздің жобамыздың мақсаты - оны адамсыз-ақ жұмыс істей алатын жағдайға жеткізу. Әрекетіміз жемісті болды, - дейді жаңалық авторлары.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар