Өзектi

А.Сәрінжіпов: Жастардың тек 17 пайызы ғана кәсіптік біліммен қамтылған

28.11.2014

5740

Жастардың тек 17 пайызы ғана кәсіптік біліммен қамтылған. Бұл туралы бүгін «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаттастығы» атты 6-шы халықаралық форумда ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты.
«Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесімен жастардың тек 17 пайызы қамтылған. Бұған қоса, 14-24 жас аралығындағы жастардың 20 пайызының кәсібі жоқ, оның 3 пайызы ешқайда жұмыс істемейді», - деді ол.

Министр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында бірінші жұмысшы мамандықтарын кепілді алуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауды тапсырғанын еске салды.

«Осыған байланысты «Білім туралы» Заңға сәйкесінше өзгерістер енгізіледі және техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты кезең-кезеңімен ұлғайту шаралары қабылданады», - деді А.Сәрінжіпов.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар