Өзектi

Техникалық мамандық алған жастардың жұмысқа орналасу көрсеткіші артуда - А.Сәрінжіпов

28.11.2014

6235

Техникалық мамандық алған жастардың жұмысқа орналасу көрсеткіші артуда. Бұл туралы бүгін «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаттастығы» атты 6-шы халықаралық форумда ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта колледждер, облыстық білім беру басқарламалары, кәсіпорындар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалуда. Бүгінгі күнге дейін кәсіпорындармен 26 мыңнан астам келісім жасалды

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі басты мәселелердің бірі оң өзгеріске ие болуда. Яғни, мамандардың жұмысқа орналасу көрсеткіші өсуде. Бұл өсім жылына 10 пайызды құрап отыр. Бұған қоса, қазірдің өзінде жекелеген мамандықтарға қабылдауда бір орынға 7 адамға дейін конкурсқа түсуде» - деді А.Сәрінжіпов.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда республика колледждерінде 530 мыңнан астам студент білім алуда. Ал жыл сайын 180 мың адам еңбек нарығына шығады.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар