Өзектi

Колледждердің оқу бағдарламасынан қажетсіз пәндерді алып тастау қажет - вице-премьер

28.11.2014

6144

Колледждердің оқу бағдарламасынан қажетсіз пәндерді алып тастау қажет. Бұл туралы бүгін «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаттастығы» атты 6-шы халықаралық форумда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты.
Вице-премьер өз сөзінде дуальды білім беру жүйесін жаңғырту және жетілдіру мақсатында Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарттарын өзгертуі керектігін баса айтты. Өйткені, аталған стандарттарда өндірістік қауіпсіздік мәселелерін оқыту және одан сынақ тапсыру қарастырылмаған. Бұдан бөлек министр мамандыққа сәйкес пәндерге іріктеу жүргізуі қажет.

«Мәселен, егер адам дәнекерлеуші немесе құрылысшы мамандығын оқитын болса, онда оған 11 жыл бойы мектепте оқыған математика, тарих, әдебиет пәндерін қайта оқудың қажеті қанша? Бұл пәндердің орнына жұмыс барысында және өз кәсібін игеруге қажетті пәндерді күшейту керек. Сондықтан да министрлікке келесі оқу жылының басына дейін бұл салаларға қажетсіз пәндерді қысқарту есебінен оқу бағдарламасын қайта қарауды тапсырамын», - деді Б.Сапарбаев.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар