Өзектi

Оқушылардың 90 пайызы техникалық және кәсіптік білім алуға ниетті емес - А.Сәрінжіпов

28.11.2014

6429

Оқушылардың 90 пайызы техникалық және кәсіптік білім алуға ниетті емес. Бұл туралы бүгін «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаттастығы» атты 6-шы халықаралық форумда ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты.
Жастар арасында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің мәртебесін көтеру мәселесіне тоқталған министр: «Әлеуметтік сауалнама нәтижесіне сәйкес оқушылардың 90 пайызы техникалық және кәсіптік білім жүйесіне түсуді жоспарламайды. Ал колледж студентерінің 17 пайызы өз болашақтарын алған мамандықтарымен байланыстырмайды», - деді.

Сәрінжіповтің атап өтуінше, мұндай жайттың орын алуына сапалы кәсіптік бейімделудің, жұмысшы кәсіп алуға ынталандырудың болмауы және еңбек нарығының қажеттілігіне орай кадрларды дайындау ісінің дұрыс жолға қойылмауы себеп болуда.

«Біздер бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруымыз қажет», - деді ол.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар