Өзектi

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 70 жылдығына арналған марапаттау рәсімі

25.11.2014

7266

2014 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы профессорлық-оқытушылар құрамын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Еліміздің үздік музыкалық ЖОО-ның 70-жылдығына арналған салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т. Балықбаев мен Қазақ ұлттық консерваторияның оқытушылары қатысты. Вице-министр ЖОО-ны қызметкерлерін мерейтойымен құттықтап, мақтау қағаздарымен марапаттады.

Олардың арасында: ҚР еңбек сіңірген әртістері, профессорлар М.К. Қаленбаева, Ш.К. Әбілов, А. М. Ғайсин, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлер, профессорлар Б. А. Қосбасаров, К.С. Сахарбаева, ҚР мәдениет қайраткері, доцент Ш. З. Рауандина, филология ғылымдарының докторы, профессор С. С. Жансейітова, оқу ісі жөніндегі проректор, пед. ғылымдарының кандидаты, профессор, «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегері (2006, 2012)

Л. Т. Қалиақбарова, ғылыми жұмыс бойынша проректор, фил.ғ.к, доцент Г.С. Сүлеева, ҚР мәдениет қайраткері, доцент Е. И. Шин және тағы басқалары бар.

Дереккөзі: edu.gov.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар