Өзектi

Ғылыми әлеуетке – жаңа мүмкіндіктер

24.11.2014

7208

Мемлекет басшысы өз қызметінің өн бойында ғылым мен білім беруге орасан зор назар аударып келеді.

Нұрсұлтан Әбішұлымен алғаш рет 1983 жылы, ол Қазақ КСР Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы болып тұрған кезде кездестім. Бола­шақ Президент сол уақытта еліміздің индустриялы өңірі – Қарағандыға кезекті жұмыс сапарымен келген еді. Және де өзінің тығыз жұмыс кесте­сін­де қаланың ғылыми жұрт­шы­лығымен жүздесуге әркез уақыт табатын. Сол жолы ол мен проректор болып жұ­мыс істейтін Қарағанды мем­ле­кеттік университетінде бол­ды. Сол кездің өзінде-ақ біз Нұр­­­сұлтан Әбішұлының ғы­лым­­ның қолданбалы бағы­ты­на қан­шалықты екпін бере­тінін сезінген едік. Мемле­кет басшысы ғылыми жаңа­лық­тар­дың сөрелерде шаң басып жатпай, өндіріске енгізілуі тиіс екенін айтты. Осы желі бүгін­гі күнге дейін жалғасып келеді.

1991 жылы Тәуелсіз Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті маған Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы универ­ситетке бас­шылық жасау­ды ұсынды. Кез­десуіміз бары­сын­да Нұр­сұлтан Әбішұлы Қа­зақ­станда осы ЖОО-ның ашылуы страте­гия­лық маңызға ие екенін айт­ты. Сол кезде Ташкентте Түр­кі­стан универ­ситетін ашу жос­пар­ланған-тын. Бірақ тарихи киелі орын – Қожа Ахмет Ясауи­дің кесенесі Қазақстанның Түркістан қа­ла­сында орналасқан ғой! Пре­зи­денттің стратегиялық ойлауының арқа­сында біз шын мәнінде бос жатқан жерде, оның үстіне астанада емес, орталықтан шеткері жатқан қалада жаңа уни­верситет құру үдерісін бастадық.

Жоғары оқу орындарының Үкіметтің қаулы­сы­мен құры­латыны белгілі. Бірақ нақ осы уни­верситетке маңыз беру мақ­сатында Президент оны өзінің Жар­лығымен бекітті. Өзінің құт­тықтау сөзінде Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Түркістанның біздің тарихи астанамыз екенін және мұнда білім беру мен ғы­лым алдыңғы орынға шығуы керек­тігін атап көрсете отырып, маған жұмысқа жетекші және жас ғалымдарды тартуды ұсынды. Университет базасында же­дел түрде осы ай­мақтың та­ри­­хи қырларын зерт­­тейтін ғы­лы­ми-зерттеу инс­ти­туты құрыл­ды. Тарихшылар XVII-XVIII ғасырлардағы көне қол­жазбаларды жинақтауға және зерттеуге кірісіп кетті. Түркі­стан­­­ның жанында өндірісті Кен­­тау қаласы орналасқанын қапер­­ге алған ғалымдар үшін өнді­ріс­пен тығыз өзара байланыс жа­сау­ға мүмкіндік ашылып, олар хи­мия­лық технология және эко­логия мәселелерімен айна­лыса бастады.

Өткен ғасырдың 1990-шы жыл­дарының басын­да Қазақ­стан өтпелі кезеңді басынан өткеріп, ел барлық салаларда қиын­дықтармен бет­пе-бет қалды. Осы уақытта біз өзімізге Түркия тара­пынан одақ­тас тап­тық. 10 жыл ішінде атал­ған ел Қ.А.Ясауи атындағы Халық­аралық қазақ-түрік уни­вер­ситетіне ондаған миллион дол­­л­ар­дың инвестициясын сал­­ды. Бұл инвестициялар елі­міз Президенті саясаты таны­луы­ның жоғары белгісі болғаны ақиқат.

Мен Білім және ғылым ми­нистрі болған 1995-1997 жыл­­дары біз Президентпен түрлі мә­се­лелерді жиі талқы­лай­тынбыз. Сол кездері мен Мемлекет бас­шы­сының ма­ман­дар­мен ақылдасып алма­й е­шқашан асығыс шешім қабыл­да­майтынына қайта-қайта көз жеткізіп жүрдім. Міне, қай кезде де үдерісті жетілдіруге ба­ғыт­талған шешімдер қабыл­дауға деген ғылыми көзқарас осыдан айқын көрінсе керек.

Нұрсұлтан Әбішұлы – шығар­­машыл адам және эконо­мист-ғалым және практик ретінде өзінің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу идеясын тұтас мемлекеттік ау­қым­да жүзеге асыра білді. Ел ға­лым­дарының шешімімен Мем­­лекет басшысының Қазақ­стан Ғылым академиясы құры­луы­ның 60 жылдығына орай та­ға­йындалған осы мекеменің алғашқы үлкен алтын медалін иеленуі де кездейсоқ емес. Екін­ші медаль заманымыздың ұлы ғалымы, Украина Ғылым академиясының президенті Борис Патонға берілді. Ол Нұр­сұлтан Назарбаевты ТМД-дағы ең мойны озық саяси көшбасшылардың бірі деп есептейтінін айтқан еді. Ғалымдардың ұсынысы бо­йын­ша Нұрсұлтан Назарбаевқа, Президенттің осы марапаттан бас тартқанына қарамастан, «Ғасыр ғұламасы» атағы бе­ріл­ді. Мен еліміздің барлық ғы­лыми қоғамдастығы атынан Елбасымыздың бейбітшілік пен халықаралық тұрақтылықты нығайтудағы еңбегін атап өттім. Және, бірінші кезекте, Елбасының бастамасымен Семейдегі аса ірі атом полигоны жабылды, ол «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына қолдау білдіріп, ел дамуына баға жеткісіз үлес қосса, бұл толеранттылық пен ұлт­аралық келісім саясаты нәти­же­сінде мүмкін болды.

Қазақстан ғылымы тарихы­ның тәуелсіздік дәуіріндегі тағы бір бетбұрысты сәтін атап өткен жөн. Бұл «Ғылым туралы» жа­ңа Заңның қабылдануы еді. Бір­­неше жыл бойы ғалымдар осы құжаттың реформаны қажетсінетінін айтып, мәселені төрт жылдай талқылағанымен, консенсусқа келе алмаған бола­тын. Сонда Президент кезекті мәрте бастамашылық танытып, мәселені өз қолына алды, яғни ғалымдармен кездесу өткізіп, өзінің заң туралы пікірін білдірді. Елбасының үздік заң жобасын министрлік емес, ғылыми қо­ғам­дастықтың өзі қабылдауы керек деген берік ұстанымы осы көп жылға созылған та­лас-тартысқа нүкте қойды. Ұлт­тық ғылыми-техникалық кеңес құрылуы мәселенің қағи­дат­ты шешімі болды және сол кез­ден бері шенеуніктер ғалым­дар­ға өз шарттарын қоюды доғарып, ғылыми жобаларды қар­­жыландыру туралы шешім­ді оқымыстылардың өзі қабыл­дай­тын дәрежеге жетті. Мемлекет бас­шысы отандық ғылымның дамуын тежеп келген көп жылғы бюрократтық жүйені осы­лайша реформалады. Бұл Елбасының алға қойылған міндеттерді шешуге ғылыми тұрғыдан келетінін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Нұрсұлтан Әбішұлы бі­лім беру мен ғылымның даму ба­рысын тәуелсіздіктің алғаш­қы жылдарынан бастап өз бақы­лауында ұстап келеді. Астанада халықаралық деңгейдегі уни­верситет құру идеясы да аяқ астынан пайда бола қалған жоқ. Президент алдыңғы қа­тар­лы ғылым мен білімсіз біз­дің суырылып алға шыға ал­май­тынымызды айтудан жа­лық­қан емес. Мемлекет бас­шы­сының тәуелсіздіктің ал­ғаш­қы жылдарында шын мәнін­де революциялық шешім қа­былдағаны – мамандарды «Бо­лашақ» бағдарламасы бойын­ша әлемнің жетекші ЖОО-ла­рын­д­а дайындауды қолға алғаны тіптен де кездейсоқ емес.

Елімізде әлемдік деңгейдегі университет құру жаңа ойлайтын мамандар арқылы қамтамасыз етілуі тиіс. Оншақты жыл өткен­де, яғни елге магистранттар, док­торанттар оралған шақта ха­лық­­аралық деңгейдегі отан­дық уни­верситет құрудың да уақыты келді. Міне, дәл осы тұс­та ғылымды ре­фор­малау жүріп, оның басым ба­ғыт­тары айқындалды, ғалымдар нарық жағдайында жұмыс істеуге үйренді.

Бүгінде елордамызда зама­науи медицина күрт дамып отырса, мұнда да Мемлекет басшысының ерен еңбегі бар. Ғалымдар мен тағылымдамадан өтуші дәрі­гер­лерге тамаша жағ­дайлар жасалған. Нейро­хирургия орталығы Қазақ­стан­нан тысқары жерлерге де кеңінен танымал болып отыр. Кезінде Президент еліміздің бар­лық ғылыми зертханаларын кең ауқымды қайта жабдықтау туралы шешім қабылдаса, бұл өз кезегінде ғалымдар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Қазір барлық салада аса көрнекті ғалымдар бар.

Президенттің G-Global жа­һан­дық интерактивті алаң­қай құру туралы идеясы бүкіл әлем­дегі жетекші ғалым эконо­мистер тарапынан мойын­далып отыр. Және қазір ол интерактивті қарым-қаты­нас үшін тамаша мүм­кіндік те болып табы­лады, яғ­ни Мемлекет басшысының бұл идеясы әлемдік қоғамдастық та­ра­пынан таныла бастады.

Мұрат ЖҰРЫНОВ,

Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик.

Дереккөзі: egemen.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар