Өзектi

ҮИИДБ аясында магистранттарды даярлауға басымдық берiлмек - Бiлiм вице-министрi

24.11.2014

6782

ҮИИДБ аясында магистранттарды даярлауға басымдық берiлмек. Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Тәкiр Балықбаев мәлiм еттi.
Т. Балықбаевтың айтуынша, магистранттарды оқытуға көп уақыт кетпейдi, соның арқасында олар бакалавр мамандарына қарағанда елдегi индустрияландыру науқанына ертерек араласа алады.

"Үдемелi индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қажеттi мамандардың көлемiн анықтап жатырмыз. Алдағы үш жылда 10 мыңнан астам маман дайындау қажет болып тұр. Сол себептi бiз алдағы оқу жылынан бастап, осы мамандарды дайындауды бастаймыз. Қазiр бұл мамандарды бағдарлық магистратура деңгейi бойынша оқыту жөнiнде ұсыныс енгiзiлдi. Себебi оқудың уақыты 1,5 жыл. Бакалавр бойынша дайындасақ, 4-5 жыл кетедi және 2019-2020 жылдары ғана оқуларын аяқтайды. Ол кезде индустрияландыру бағдарламасы бiтiп те қалады. Сондықтан ҮИИДБ шеңберiнде магистрларды дайындауды жоспарлаудамыз", - деп атап өттi ол.

Вице-министрдiң сөзiнше, 2017 жылы мемлекеттiк тапсырыс бойынша 3 мыңнан аса маман дайындау көзделуде. "Осы оқудың жаңа бағдарламасы құрылатын болады. Оны шетелдiк әрiптестермен және жоғары оқу орындарымен бiрлесiп дайындамақпыз", - дедi Тәкiр Балықбаев.

Оның айтуынша, аймақтарда техникалық мамандарды даярлау iсiне белсендi араласатын 11 жоғары оқу орындары анықталды. Олар арнайы дайындық жұмыстарын жүргiзудi бастап та кетті.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар