Өзектi

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттік ғылыми қоғамының төрағасы, экономика факультетінің 4 курс студенті Айбол Арғынғазинов «Жыл студенті-2014» республикалық байқауының «Жыл студенті» номинациясында жеңіске жетті.

20.11.2014

8449

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттік ғылыми қоғамының төрағасы, экономика факультетінің 4 курс студенті Айбол Арғынғазинов «Жыл студенті-2014» республикалық байқауының «Жыл студенті» номинациясында жеңіске жетті.
Жеңімпазға марапатты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары Еркін Үйсімбаев үстіміздегі жылдың 19 қарашасында Қарағанды қаласы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Жастар сарайында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде табыс етті.
Байқау финалистері Қарағанды қаласының көрікті жерлерімен, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен, университет музейімен, археологиялық жәдігерлер музейімен танысты. Байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Студенттік өзін-өзі басқару және даму қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырды.
Айбол Арғынғазинов университеттегі белсенді студенттердің көш басында тұр. Ол көптеген республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, түрлі форумдар мен конференцияларының спикері және модераторы, ғылыми және публицистикалық жарияланымдардың авторы. Жастар саясаты саласындағы жобаларды әзірлеу, сарапшылық қызметпен белсене айналысады. Оның еңбегі университет ректорының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Румыния Білім, спорт, жастар ісі министрлігінің Алғыс хаттарымен, бірнеше медальдармен атап өтілген.

Дереккөзі: enu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар