Өзектi

Алматыда жас ғалымдар форумы өтеді

20.11.2014

7179

25 қарашада «Ғылым ордасында» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы және мемлекеттің зияткерлік әлеуетін қалыптастыру» тақырыбында Жас ғалымдар форумы өткізіледі.
Іс-шараның ұйымдастырушылары– ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Жас ғалымдар кеңесі, «Ғылым ордасының» Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы. «Қазақстан-2050» стратегиясында ғылым және білім, мемлекеттің адами капиталы мен зияткерлік әлеуетін дамыту мселелеріне аса назар аударылған. Қарқынды өзгерістер ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктері, қоғам өмірінің барлық салаларына инновацияларды ендіру және барлық қазақстандықтардың белсенді шығармашылық қызметінің негізінде ғана мүмкін бола алады. Бұл орайда қазіргі кезеңде қазақстандық қоғамға қажетті инновациялық және зияткерлік өнімді қалыптастыра алатын қазақстандық жастарға белсенді, ынталы және озық әлеуметтік топ ретінде үлкен үміт артылып отыр. Қазақстан жастарының біліміне деген инвестициялар мен білім беру жүйесінің реформалары мемлекеттің адами капиталы мен зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға бағытталған, ал оның іске асырылуы Елбасының мемлекет және қоғам алдына қойған әлемнің алдыңғы қатарлы отыз мемлекетінің құрамына кіру мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттің зияткерлік әлеуетін қалыптастыру, Қазақстанның жас зияткерлер элитасының құрылуының түрлі аспектілері және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың аталмыш үдерістегі рөлін Жас ғалымдар форумында талқылауға ұсынылып отыр. Форумның жұмысына жас ғалымдар мен «Ғылым ордасы» базасындағы ҚР БҒМ ҒК ғылыми-зерттеу институттары және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- нің ғылыми кадрларды даярлау бойынша бірлескен бағдарламасы шеңберінде білім алып жатқан PhDдокторанттары мен магистранттар қатысады.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар