Өзектi

Энергетика - экономиканың бір тірегі

19.11.2014

7658

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ұстаздарының қатысуымен өткен брифинг барысында техника ғылымдарының кандидаты, профессор Ибрагим Туғанбаев экономиканың бір тірегі энергетика болып табылады деп мәлімдеді.
- Экономиканың бір тірегі энергетика болып табылатындығы сөзсіз. Еліміздегі кәсіпорын, мекемелерің қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың ешбірі электр энергиясын пайдаланбай жұмыс ітеуі мүмкін емес. Осы ретте Елбасының бастамасымен Қазақстанда көліктік логистика жобаларын жүзеге асыру сәтті жүзеге асып келеді. Ертең мынау «Батыс Еуропа Батыс Қытай» автодәлізі іске қосылса, осы жолдың бойынан сан түрлі өндіріс ошақтары бой көтереді деп ойлаймын. Міне, солардың бәрі де энергиясыз ісін ілгерілете алмасы анық. Демек, инфрақұрылымды дамытумен қатар еліміздегі энергетикалық өндіріс саласын да ұмыт қалдырмауымыз керек, - деді Ибрагим Туғанбайұлы.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар