Өзектi

Америка ғалымдары Күннен су тапты

19.11.2014

7587

Америкалық НАСА ғалымдары ғылыми жаңалықтарымен бөлісті – Күннің бетінен бу күйіндегі су табылды, деп жазады Sdnnet.ru.
Жаңа бақылау құралдарының көмегімен ғалымдар Күннің бетінен су іздеп тапты. Ғарыштағы ең ыстық жұлдыздың бетінен сұйық күйде су анықтау әсте мүмкін емес. Дегенмен, Күннің бетінде бу күйіндегі су кездеседі екен.

Біздің жұлдыздың үштен бір бөлігі сутегіден құралған, ол термоядролық әсердің салдарынан гелийге айналады. Жұлдыздың сыртқы қабатындағы Цельсий бойынша 5 мың градустан асатын температурада, НАСА ғалымдарының пікірінше, малекулярлық сутегі иондауға ұшырайды.

Иондалу процессі жұлдыздың кей қабаттары мен атмосферасында су буларының шоғырлануына әкеліп соғады. НАСА-ның мәлімдеуінше, бу шоғырланған аймақтарда температура әлдеқайда төмен. Күн бетіндегі дақтар осындай аймақтарды көрсетсе керек. Әдетте, күн плазмасында ондай аймақтардың басқа бөліктерге қарағанда температурасы төмен әрі жарық шығару деңгейі бәсеңдеу болады.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар