EXPO-2017

Әріптесіміз жаңашыл әдіскер атанды

13.11.2014

7700

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен «Өрлеу» БАҰО АҚ жедел жұмыс жоспарының 20 тармағына сәйкес «Үздік жыл әдіскері» Республикалық байқауы 2014 жылдың 21-23 қазан аралығында Алматы қаласында өткен болатын.
Аталған сайыста Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті атынан химия ғылымларының докторы, профессор Рахметолла Насиров қатысты.
21 қазан күні С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің салтанат залында «Үздік жыл әдіскері» Республикалық байқауының салтанатты ашылуы болды. Оған 14 облыстан және Алматы, Астана қалаларынан 6 секция бойынша әртүрлі номинациялардан конкурсанттар өздерінің үздік жобаларын таныстырды.
Осы күні «Өрлеу» БАҰО АҚ секция отырыстары болып, онда 5-ші секцияда Жоғарғы оқу орындарының әдістемелік бюросы мүшелері өздерінің бірінші тапсырма бойынша орындаған жұмыстарын баяндады.
Әріптесіміз бұл күні «Әлсіз органикалық СН-қышқылдардың сілтілік металдармен карбанион түзу реакциясының механизмі» деген тақырыпта жеті минуттық баяндама жаап, органикалық химия пәнінен анион-радикалды бөлшектің түзілетіндігі туралы түсінік беру және оның үшфенилметан карбанионның түзілуі кезінде интермедиат ролін атқаратындығын көрсетті.
Сайыстың келесі күні «ЖОО физикалық химия пәнін оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану» бойынша химиялық реакция көмегімен ойлап тапқан «Жұмыртқаны шырқ айналдыру» тәжірибесін қызықты химия кешінде және «Физикалық химия» пәнінде энтропия және жұмыс сияқты абстрактілі ұғымды демонстрациялауға ұсынды.
3-ші тапсырма барысында «Шикі мұнайды зерттеуге әзірлеу» тақырыбын мұнайдың тұтқырлығын анықтау жұмысымен кіріктіре оқытудың нәтижелері» бойынша «Мұнайды зерттеуге әзірлеу» деген тақырыпта табиғи шикі мұнайдағы қабат суынан айыру және механикалық қоспалардан бөлу туралы студенттерге арналған оқу-ғылыми тәжірибесі ұсынылады.
«Үздік жыл әдіскері» республикалық байқауы қорытындысында Р.Насиров «Жаңашыл әдіскер» номинациясы бойынша «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Дереккөзі: atgu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар