Ғалымдар өкпенің қатерлі ісігін жеңіл анықтайтын құрал ойлап тапты
13.11.2014
9413
Ғалымдар X-Halo деп аталатын бірегей термометр жасап шығарды. Олардың айтуынша, термометр көмегімен пациент өкпесінің қатерлі ісігін оп-оңай анықтауға болады, деп хабарлайды Healthvesti.com.
Термометр тыныс алғанда өкпеден шығатын ауаның температурасын өлшейді. Дәрігерлердің айтуынша, қатерлі ісікпен ауыратындар мен сау адамдардың температура көрсеткіштері әртүрлі болып келеді.
Дереккөзі: today.kz
| «« | »» |