Өзектi

Білім министрлігі университеттерге ғылыми атақ тағайындау құқығын ұсынады

11.11.2014

7647

Қазақстандағы университеттерге ғылыми атақ тағайындау құқығы беріледі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды.
Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысы университеттердің дербес қызметін жүзеге асыруға сатылап көшу туралы тапсырма жүктеген. Сондықтан да, заң жобасымен білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі мазмұнын жетілдіру көзделеді.

«Атап айтқанда, ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура мен докторантура бағдарламаларын өз бетінше әзірлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік стандарттарға сәйкес, ағымдағы, аралық және қорытынды аттестациялардың ережелерін өз бетінше айқындау, бағдары мен атағы бойынша PhD докторы атағын өз бетінше беру құқығы қамтылады. Бұдан бөлек, ерекше мәртебеге ие университеттер профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілік сипаттарын өз бетінше бекіту құқығына ие болады, сосын білім берудің жүктемесі, формасы мен оқытушылар жалақысының мөлшері негізінде білім беру қызметін жүзеге асыратын болады», - деді Т. Балықбаев.

Автор: Қанат Мәметқазыұлы

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар