Өзектi

Қазақстан делегациясы Миланда өтетін ЭКСПО-2015 көрмесіне қатысады

11.11.2014

7765

Қазақстан Италия елінің тәжірибесімен танысу мақсатында Миланда өтетін ЭКСПО-2015 көрмесіне өз делегациясын жібереді. Бұл туралы бүгiн Астанада Қазақстан-Италия экономикалық форумы барысында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Біздің бірге жүзеге асыруымыз мүмкін көптеген идеялар бар. Біріншіден, бұл – осыдан екі жарым жылдан кейін Қазақстанда өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі. Миланда ЭКСПО-2015 көрмсі өтеді. Оған біз жұмыстың қалай жүзеге асырылуын түсіну, сіздердің жемісті жұмыстарыңыздың тарихымен танысу және ЭКСПО-2017 төңірегінде өз өнеркәсібімізді қалай іске асыру қажеттігін түсіну үшін өз делегациямызды жібереміз. Осының арқасында өз елімізде болатын көрмені жақсы өткізу жолдарын да қарастырмақ ойдамыз», - дейді К.Мәсімов.
Үкімет басшысы тоқталған екінші мәселе Қазақстаның Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кіру болды.
«Ол өз жұмысын 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастамақ. Оның нарығы 170 млн адам. Италия Қазақстанға инвестиция құйып, өз өнімдерін Еуразиялық одақтың аумағында саудалай алады», - деп толықтырды Премьер-министр өз ойын.
Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар