Ғылыми жаңалықтар

Павлодар мемлекеттік университеті Еуропалық ЖОО қауымдастығына кірді

06.11.2014

5933

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Еуропалық ЖОО қауымдастығына кіруі туралы шешім Хельсинки қаласында өткен Еуразиялық университеттер қауымдастығының (ЕУҚ) кеңесінде қабылданды, деп хабарлады ПМУ баспасөз қызметінен.
ПМУ ректоры Серік Өмірбаевтың сөзіне қарағанда, бұл ЖОО-ның белгілі бір жетістіктерін әлемдік қауымның мойындауы, оның дамуының айғағы және білім беру саласындағы аймақтық көшбасшы мәртебесінің дәлелі.

ЕУҚ - Еуропадағы жоғары оқу орындары қауымдастығының бас өкілі, оған 46 мемлекеттің жоғары оқу орындары кіреді.

Еуропалық уни верситеттер қауымдастығының басты миссияларының бірі әрбір ЖОО-ның дамуына және жалпы оқу үрдісіне ықпал ету. ЕУҚ Болон үдерісіндегі университеттік сектордың ресми өкілі ретінде көптеген жұмыс топтары мен кеңестік ұйымдардың жұмысына қатысады.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар