Өзектi

Отандық оқу орны iPhone-ға арнап қазақша пернетақта жасап шығарды

04.11.2014

6449

Қазақстанның инженерлік-технологиялық университеті Apple iOS 8 жаңа операциялық жүйесіндегі iPhone мен iPad-тарға арнап қазақша пернетақта ойлап тапты.
Бағдарламаны тегін көшіріп алуға болады, деп хабарлайды forbes.kz университеттің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өнертапқыштар бағдарлама телефонның барлық өзге қосымшаларында және тік әрі альбомдік форматта жұмыс істейді деп отыр. Яғни, бұл тиісті қосымша бағдарламаны ашып, қазақша мәтінді көшіріп жатуды қажет етпейтін бірегей қазақша пернетақта үлгісі.

Жаңа бағдарламаны AppStore-ден «Kazakh Keyboard Kazetu 8» деп іздеп тауып көшіріп алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында бизнесмен Бауыржан Мұқатаев Apple iOS 8 операциялық жүйесіне арнап қазақша пернетақта жасап шығармақ ойы туралы мәлім еткен болатын. Алайда ол ноу-хау туындысын Apple-дің арнайы интернет-дүкені арқылы сатпақ болды және осы ойын жүзеге асыру үшін үкіметтен 1 млн теңге көлемінде грант сұраған еді.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар