Өзектi

Жапония ғарышқа метеорологиялық жер серігін ұшырды

08.10.2014

7364

Жапонияның жаңа буындағы «Химавари-8» («Күнбағыс-8») метеорологиялық жер серігі Танэгасим аралында елдегі жалғыз ғарыш айлағынан ұшырылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Аппаратты орбитаға H-2А ауыр зымыран тасығыш шығарады. Бұл туралы JAXA ұлттық аэроғарыш агенттігі мәлімдеді.

«Химавари-8» оның алдындағы жер серігіне қарағанда шамамен 50 есе артық ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Мысалға, ол әрбір 2,5 минут сайын он алты типті түрлі түсті суреттер жасай алады. Жапонияның бұрынғы жер серіктері жарты сағатта бір сурет қана жасайтын.

Мамандардың топшылауынша, «Химавари-8» жер серігіндегі аппаратура атмосфералық ағымдарды бақылауды, тайфунның қозғалу бағыты мен жанартаудың атқылауынан түзілген күлдің шығуын анықтауды байқап отыру мүмкіндіктерін едәуір жақсартады.

Сондай-ақ жер серігінде Жер бетінің түрлі учаскесіне түсетін күн жарығының көлемін бағалауға мүмкіндігі бар жабдық орнатылған. Сарапшылардың пайымынша, бұл күн батареяларымен жұмыс істейтін электр стансаларының қызметін тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді. «Химавари-8» көмегімен оларды бір жүйеге біріктіріп, тұрақты энергия ағымын қамтамасыз етуге болады.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар