Өзектi

Автралияда Эбола індеті тіркелді

11.09.2014

6581

Австралияда алғаш рет Эбола індеті тіркелді. Голд-Кост қаласындағы емханаға қауіпті вирустың белгілерімен түскен науқастың осы жұқпалы ауруға шалдыққаны белгілі болды. Жиырма төрт жастағы жігіт таяуда ғана Конгодан оралған. Қазір жағдайы тұрақты. Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазіргі күні Эбола безгегінен қаза тапқандар саны 2296-ға жетсе, дертті жұқтырғандар 4293 адам болып отыр.

Источник: http://24.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар