Өзектi

20 түлек алдыңғы қатарлы кәсіпорындарда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды

29.08.2014

6761

«Сәтті қадам» жобасының осы кезеңі нәтижесінде 20 түлек Шығыс Қазақстан облысының басқармалары мен алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Нұр Отан» партиясының ШҚОФ «Сәтті қадам» жобасын жүзеге асыру барысында аталған жобаның 2-іріктеу кезеңінен өткен қатысушыларымен тілдесу өтті.

Тілдесу өткеннен кейін жобаға қатысушылардың бірі Мерхат Байгужинов өз кезегін күтіп отырған қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Ол Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің «құралдарды құрастыру» факультетін бітірген. Жоба жайында өзінің достары мен әлеуметтік желілер арқылы білген.

«Осы жоба нәтижесінде жастар жұмысқа орналасып, өз мүмкіндіктерін көрсете алады», – деп Мерхат Байжуминов өз пікірін білдірді.

Келешекте Байгужинов Мерхат өз саласының білікті маманы болып, оқу орынында алған білімін іс жүзінде қолдануды армандайды. Әрбір заманауи қазақстандық бірнеше шет тілін меңгеруі шарт, осы тұста Байгужинов Мерхат басқаларға үлгі боларлықтай, себебі ол қазақ, орыс, түрік, ағылшын, неміс тілдерінде еркін сөйлейді. Тілдесу кезеңінің қорытындысын шығара келе, комиссия мүшелері жоба белсендісін «KEGOC» АҚ тағылымдамадан өтуге жіберетінін шешті.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар