Өзектi

Ғалымдарымыз табан беретін жылқы түрін ойлап тапты

28.08.2014

6569

Қазақстан ғалымдары қыстың қақаған суығына да, жаздың аптап ыстығына да төзімді жылқының жаңа тұқымын «ойлап» тапты. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, жылқының бұл түрін жемдемесе де салмағын жоғалтпайды. Мұндай жылқының салмағы жарты тоннаға дейін жетуі мүмкін. Яғни, қазақтың сөзімен айтқанда қазысы табан беретін жылқылар болмақ, деп хабарлайды Islam.kz.
video 0
Қазақ мал шаруашылығы институтының жылқы шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Амин Әкімбековтың айтуынша, жылқының осынау түрінен қазы-қарта, жал-жая, шұжық секілді дәмі тіл үйіретін ұлттық тағамдарды молынан дайындауға болады екен. Ғалымдар Павлодар облысындағы Селекті ауылында ең белді айғырлар мен байталдарды 40 жыл бойы будандастырып келгенін жеткізді. Жылқының жаңа тұқымы өсіп-өнетін фермада орындалатын Құрманғазының күйіне елтіген биелер иіп, оның біреуі күніне 16 литрге дейін сүт беретін көрінеді. Одан қымыз өндіріледі. Жылқының жаңа тұқымы еліміздің үш облысында, атап айтқанда, Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстарында бағылады. Алматы облысында мұнымен даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров айналысады. Селекционерлер «Жыл жаңалығы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, 200 мың теңге жүлдеге ие болды. Бұл қаражат балалар үйіне аударылды.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар