Өзектi

«Менеджмент» кафедрасының профессоры Б.Н. Исабеков ғаламдық экономикалық дағдарыс мәселелері бойынша БҰҰ-ның Бүкіләлемдік саммитіне қатысуға шақырылды

19.08.2014

6727

26-29 тамыз аралығында төрт күн бойы Лондон қаласында Елизавета ІІ ханымның Конференц-орталығында (Ұлыбритания) Бүкіләлемдік саммит өтпек. Тақырыбы – «Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы мен зардабы тұрақты даму мен климатқа әсері. Дағдарысқа деген кешенді ғаламдық кертартпалықты өзгерту жөніндегі ұсыныстар».
Жоғары деңгейдегі аталмыш іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Менеджмент» кафедрасының профессоры Бауыржан Нарзұллаұлы Исабеков қатыспақ. Жуырда іс-шараның жұмыс комитеті – Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің әлеуметтік саясат және экономикалық даму бөлімінің атынан шақыру хаты келіп түскен болатын.


Профессор Б.Исабеков «Өндіріс саласындағы инновациялар және кәсіпкерлік» («Innovation and partnership in the industrial sector») тақырыбында баяндама жасайды.
Өткізілетін саммиттің басты мақсаты – ғаламдық экономикалық дағдарысқа қарсы тұруда ұзақмерзімді шараларын талқылау, сондай-ақ, халықаралық қаржы сәулетін қайта жасау туралы қажетті пікір алмасуға атсалысу.
Бүкіләлемдік саммитке экономистер, зерттеушілер, мемлекеттік және жекеменшік секторлар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, дін қайраткерлері мен т.б. қатысады деп күтілуде.
Еске сала кетейік, профессор Б.Исабеков инновация мен кәсіпкерлік саласындағы өзінің ғылыми зерттеулерімен бөлісетін G-GLOBAL ақпараттық-коммуникативтік алаңның белсенді қатысушысы болып табылады. Қазіргі таңда ол өндіріс саласының кәсіпорындарында инновациялық қызметті дамыту мәселесімен айналысып келеді. Ғылыми ізденіс жолында гранттық жобаларға қатысып, оқу құралдарын шығарып, импакт факторы жоғары журналдарда мақалалар жариялаған.

Дереккөзі: enu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар