Өзектi

Қазақстан мектептерінде математика мұғалімдері жетіспейді - БҒМ

19.08.2014

6798

Қазақстан мектептерінде математика пәні мұғалімдерінің тапшылығы байқалады. Бұл жайында ҚазАқпаратқа ҚР Білім және ғылым министрлігінен хабарлады.
Ведомство деректеріне қарағанда, жалпы елімізде 2472 педагог жетіспейді, оның 1169-ы - ауылдық жерлерде.

«Математика пәнінен 193 (ауылдық жерлерде 89), химиядан - 84 (64), ағылшын тілінен - 76 (69), физикадан - 77 (56), бастауыш сыныптарға - 102 (23) мұғалім жетіспейді», - делінген «ҚазАқпарат» ХАА-ның ресми сауалына министрліктің жауабында.

Айта кетейік, 2013-2014 оқу жылында республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 294897 ұстаз еңбек етті.

Автор: Марлан Жиембай

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар