EXPO-2017

НАСА Марста ауа өндірмекші

01.08.2014

8090

НАСА 6 жылдан кейін жүзеге асырылатын жоспарымен бөлісті. Оған сәйкес, ұйым «Марс-2020» миссиясы аясында ғаламшарға оттегі өндіретін қондырғы жөнелтпек, деп жазады ВВС.
Сол арқылы америкалық ғалымдар марстық атмосфераның көмірқышқыл газынан астронавтар мен зымыран отыны үшін жарамды оттегі алуға болатынын зерттеп білмекші.

НАСА қолға алынып отырған пилоттық жобаны 2030 жылға қарай жүзеге асырамыз деп отыр.

НАСА мамандарының айтуынша, «Марс-2020» кемесінің миссиясы Марстың қоршаған ортасына қатысты бірқатар сұрақтарға жауап алуға, сондай-ақ қызыл ғаламшарды толықтай зерттеу үшін қажетті технологияларды сынақтан өткізуге көмектеседі.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар