EXPO-2017

«Қазақстандағы «жасыл экономика»: тәжірибе мен жетістіктер

30.06.2014

5512

27 маусымда «Қазақстандағы «жасыл экономика»: тәжірибе мен жетістіктер атты Республикалық Форумы және «2017 жылғы ЭКСПО-ға көзқарас» облыстық конкурсы жастар жобаларының көрмесі болып өтті. Іс-шараның мақсаттарының бірі Қазақстан Республикасындағы энергияны тиімді жарықтандыруды ілгерілету болып табылды.
Байқаудың қатысушылары көрме келушілеріне тәжірибелік модельдердің жұмыстарын ұсынды, сонымен қатар өз жобаларының пайдасы туралы айтты. Ұсынылған жобалар тақырыптарының ішінде ғимаратты жылыту үшін жер энергиясын алу үшін орнатулар, смартүйлер, мектеп маңындағы аумақты энергияны тиімді жарықтандыру, суды күнмен қыздыратын поликарбонатты жылыжайлар болғанын айта кетуіміз керек. Сондай-ақ, көрмеде ЖЭҚ/БҰҰДБ Шағын гранттар бағдарламасының қаржылық қолдауы арқылы Қазақстанның соңғы 15 жылда жүзеге асырылған ең үздік жасыл тәжірибелері ұсынылды (19 тәжірибе).
Конкурсқа қатысу үшін Ақмола облысының жоғарғы сынып оқушылары мен колледж студенттерінен шамамен 50 тапсырыс берген. Олардың ішінде 21 тапсырыс конкурстың ақырғы бөліміне өтті.
Көрменің нәтижелері бойынша қорытынды жүргізілді, 2014 жылдың экожобалары конкурсының жеңімпаздарын марапаттау болып өтті. 10 жеңіпаздың әр қайсысы 180 000 теңге көлеміндегі гранттың иегері болды, сондай-ақ олар өз идеялары мен жобаларын келешекте жүзеге асыру мүмкіндіктеріне ие болады.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина осындай іс-шараны өткізудің өсіп келе жатқан ұрпақтың идеяларымен алмасуы және әлеуетін жүзеге асыруы үшін маңызды екендігін атап өтті.
«« | »»
Соңғы жаңалықтар