EXPO-2017

Қалалық шу адам денсаулығына зиянды - ғалымдар

16.06.2014

6151

Жолдағы көліктер мен ұшақтардың дыбысы, қатты музыка және қаладағы толассыз шуыл семіздік пен жүрек ауруына ықпал етеді. Бұл туралы шетелдік БАҚ Каролина университеті ғалымдарының зерттеу нәтижесіне сілтеме жасап хабарлады.
Жолдағы көліктердің гуілі мен гүрілі жоғарылаған сайын жергілікті тұрғындар семіре береді. Мәселен, шуыл деңгейі 10 децибелге артқан сайын адамның мықыны 1 сантиметрге жуық көлемге артады екен.

Атап айтқанда, қатты шуылдың салдары құрсақтағы балаларға да зиянын келтірген. Шамадан тыс дыбыс стресстік гормондарға әсер етеді. Бұл өз кезегінде белдің тұсында майдың жиналуына әкеп соқтырады.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар