EXPO-2017

Ғалымдар пестицидтерді өрмекшінің уынан алуды ұсынды

05.06.2014

6019

Британдық ғалымдар кезекті рет өрмекші уының артықшылығына назар аударды, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі.

Жақында жасалған зерттеулерге сәйкес, аустралиялық өрмекшінің уынан алынған пестицидтер өсімдіктерді зинякестерден қорғайды, сондай-ақ аралар үшін қауіпсіз саналады. Ал ара өсімдіктерді тозаңдандырады.

Ғалымдар көптеген елдерде аралардың саны химиялық пестицидтерді пайдаланудан азайып бара жатқанын еске салды.

Ауыл шаруашылығында өрмекшінің уын пайдалану мүмкіндігі туралы бұдан бұрын да айтылған болатын. Өйткені оның қоршаған ортаға келтірер зияны аз және көп жағдайда омыртқалы жануарлар үшін қауіпсіз.

Дереккөзі: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар