Ғалымдар шылым шегу әйелдердің тәтті және майлы тағамдардың дәмін сезу қабілетін бәсеңдететінін анықтады
Мамандар өз зерттеулеріне әр түрлі топтағы әйелдерді (шылым шегетін толық әйелдер, шылым шекпейтін толық әйелдер, шылым шегетін қалыпты салмақтағы әйелдер және шылым шекпейтін қалыпты салмақтағы әйелдер) қатыстырды. Тәжірибе барысында олар әр түрлі ванильді пудингтердің дәмін татып көрді. Зерттеуге қатысушылар тағамның майлылығы мен тәттілігін анықтау қажет болды.
Зерттеу нәтижесінде шылым шегетін әйелдер басқа топтағы әйелдерге қарағанда тағамның тәттілігі мен майлылығын сезінуі төмен болғандығы анықталды, деп жазады шетелдік БАҚ.
Дереккөзі: today.kz