EXPO-2017

Ұзақ жасаудың жолы бар ма?

22.05.2014

6483

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22-23 мамыр күндері Назарбаев университетінде III «Регенеративтік медицина және сапалы ұзақ ғұмыр жасау» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді, деп жазады aikyn.kz.
Жиынның басты мақсаты - регенеративтік медицина мен сапалы ғұмыржас мәселелерін және осы саладағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді талқылау болып табылады. Осы жылы конференцияның негізгі тақырыбы геронтолгия және биомедицина (регенеративтік медицина) саласындағы ғылыми жұмыстар мен инновациялық зерттеулер жүргізудегі халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналады.

Конференция аясында биомедицина мен биотехнологиялар мәселелеріне қатысты ғылыми еңбектер ұсынылып, 24 жас ғалым арасында тұңғыш рет байқау ұйымдастырылады.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар