Ғылыми жаңалықтар

АЭФ: Азияның жаһандық дамуда алдыңғы қатарға шығуының нәтижесі университеттерге әсер етуде - А. Сәрінжіпов

22.05.2014

6032

Жақын арада Азия жаңа технологиялардың, жаңа білімнің көзіне айналады. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумы аясындағы Азия университеттерінің ІІІ форумында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
«Соңғы кезде Азияның рөлі өзгеруде. Азия алдыңғы қатарға шығып, жаһандық дамудың локомотивіне айналуда. Бұл өз кезегінде білім беру саласында да көрініс табуда. Яғни, жақын арада біздің өңір жаңа технологиялардың, жаңа білімнің көзіне айналады. Осының барлығы университеттердің арқасында жүзеге асырылады», - деді А. Сәрінжіпов.

Тұрақты дамуға қол жеткізу үшін қазіргі заманғы және болашақ ұрпаққа интеграция қажет екеніне тоқталған министр, «Сонымен бірге халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу да қажетті. Бұл үдеріс университтерді жаңа форматқа қатысуға талап етеді. Университеттер жоғары білім, зерттеу, инновациялар орталығы бола отырып, зияткерлік қоғамды қалыптастыруда негізгі рөлді атқаруы тиіс. Әлем жаһандануда, шекаралық кедергілер жойылуда. Экономикалық кеңістіктермен қатар, білім кеңістіктері бірігуде. Осы орайда білім ордалары студенттермен, оқытушылардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыруда, технологиялармен алмасуда»,-деді министр.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар