Ғылыми жаңалықтар

Д.Назарбаева: Білім беру жүйесінде әлемдік өзгерістерді зерделеу институты негіз қалауы тиіс

19.05.2014

5632

АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім беру жүйесінде әлемдік өзгерістерді зерделеу институты негіз қалауы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева айтты.
«Қазіргі әлем жылдам өзгеруде және білім беру жүйесінде осы өзгерістер мониторингін зерделеу институтына міндетті түрде негіз қалануы тиіс», - деді ол «Техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйесінде экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың сапасы мен перспективалары туралы» парламенттік тыңдау барысында.

Осы ретте үлгі ретінде көрші Қытай мемлекетінің тәжірибесін атаған Д.Назарбаева: «Елді әлемнің ірі экономикасына айналдырудағы қытай экономикалық реформасының табыстылығы белгілі бір дәрежеде білім беру және жоғары мектепті заманауи сапалы реформалаумен байланысты. Қытай реформасының басты ұстанымы - жаһандық және өңірлік еңбек нарығы қажеттілігін ескеру», - деді.

Оның атап өтуінше, Қазақстандағы бизнестің кадрлар даярлау үдерісіне қатысуы өте төмен болып отыр. Мәселен, бүгінгі таңда жоғары білім беру жүйесінде жұмыс берушілердің гранттары бойынша небәрі 0,8 пайыз студент білім алуда.

«Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 30 пайызға жетеді», - деді Д.Назарбаева.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар