Өзектi

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 4st QS MAPLE – 2014 конференциясы мен көрмесінде «қола» жүлдені иеленіп қайтты

11.05.2014

4576

6-8 мамыр аралығында Абу-Даби қаласында (Біріккен Араб Әмірлігі) 4st QS MAPLE – 2014 халықаралық конференция мен ЖОО-лар көрмесі өтті. Оған Еуразия ұлттық университеті атынан білім ордамыздың бірінші проректоры Жәмилә Нұрманбетова, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Дина Тұртұғұлова, сондай-ақ, Даму және академиялық саясат жөніндегі департаментінің аккредиттеу мен рейтинг бөлімінің бас маманы Анастасия Кармелюк барып қайтты.

Fourth QS Middle East and Africa Professional Leaders in Education Conference and Exhibition Таяу Шығыс пен Африка елдеріндегі ЖОО-ның халықаралық әріптестік байланысы және білім беру бағдарламаларының интернационализациялануын талқыланған басқосудың басты мақсаты - жаһандану заманында аса жоғары жылдамдықпен дамып келе жатқан жоғары білім беру саласындағы өзекті мәселелерді тиімді шешу. Конференцияға әлемнің 30-дан астам мемлекетінің университет ғалымдары, оқытушылары және халықаралық білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.


4st QS MAPLE Халықаралық білім беру көрме-конференциясы аясында қатысушы университеттер арасында креативті дизайн мен промо-өнімдер байқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Байқау төрт аталым бойынша өтті: ең креативті корпоративтік бейне, ең үздік халықаралық баспа жарнамасы, шетел студенттерінің рекрутингі бойынша ең үздік халықаралық кітапша және ағылшын тіліндегі ең үздік сайт. Әр аталымдағы жеңімпаздар алтын, күміс және қола жүлделеріне ие болды. Халықаралық білім беру көрмесінде Еуразия ұлттық университеті «ЖОО туралы ең үздік фильм» номинациясы бойынша қола жүлдені иеленіп қайтты.


Еуразия ұлттық университетінің мұндай ірі көлемдегі іс-шараларға қатысуы білім, ғылым және мәдениет жолында қарқынды дамуына орасан зор септігін тигізері анық. Айта кететін жәйт, 2013 жылы «QS Asia Pacific Professional Leaders in Education - Азия-Тынық мұхиты аймағының QS-APPLE жоғары білім саласы көшбасшыларының» ІХ Халықаралық білім беру көрмесінде Еуразия ұлттық университеті екі бірдей «күміс» және «қола» жүлдесімен оралды: ең үздік халықаралық баспа жарнамасы үшін ІІ орын және ЖОО туралы ең үздік фильм ІІІ орын.

Дереккөзі: enu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар