Өзектi

Ғалымдар ұшатын жүк көлігін ойлап тапты

11.05.2014

4722

АҚШ ғалымдары жаңа әскери көлікті ойлап шығарды, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл – әлемдегі алғашқы ұшатын жүк көлігі. Жаңа құрылғы жолы нашар аудандарға екі тоннаға дейін жүк тасымалдап, жарақат алғандарды тасымалдай алады. Техникаға бекітілген 8 бұраманың арқасында ол әуеге көтеріліп, мың шақырымға дейін ұша алады.

Әскерилер көлікті сынау жұмыстарын наурыз айында өткізгендерімен, оны бейнежазбаға түсіріп көпшілікке көрсетуге енді ғана рұқсат берілген. Сынақ кезінде «тікұшақ-көлік» 3 метрге дейін көтерілген.

Мамандардың айтуынша, бұл техника қажет болса, қайыққа айналып, суда да жүзе алатын көрінеді. Алайда ғажайып роботтың әскери қызметке қосылуына көп уақыт қажет. Ол үшін алда талай жақсарту және сынақ жұмыстары жасалады.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар