Өзектi

Күндізгі ұйқы адам өмірін қысқартады

11.05.2014

4761

Күндізгі ұйқының денсаулыққа аса зиянды екені анықталды, деп хабарлайды muslim.kz.

Күндізгі, дәлірегі, түстен кейінгі ұйқы өлу қатерін отыз пайызға арттыратын көрінеді, яғни, көп уақыт ұйықтау да адамның ерте өмірден өтуіне себеп болады екен. Британ ғалымдарының тұжырымы осындай.

Түстен кейін ұйықтауды әдетке айналдырып, көп уақытын төсекте өткізетін адамның демікпе, эмфизема және пневмония секілді өкпе сырқатына шалдығу қатері артып, тыныс алу жолдарында ақау пайда болады. Нақтырақ айтқанда, түстен кейін ұйықтауды әдетке айналдырғандардың респираторлық патологиядан өлу қатері 2,5 есе артық болатыны байқалған.

Кэмбридж сарапшылары 13 жыл бойы 16000 адамның өмір сүру салтын зерттеп, осындай қорытындыға келген. Түстен кейін ары кеткенде жарты сағат көз шырымын алатын адамға қарағанда бір сағаттан артық ұйықтаған адамның ауру жамап алу қатері жоғары.


Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар