Өзектi

Таңғы асты ішпеу қауіпті дертке шалдықтыруы мүмкін

11.05.2014

4854

Швед ғалымдары таңғы асты ішпеудің денсаулыққа қаншалықты зиянды екендігін дәлелдеді. Таңертең құнарсыз ас ішсеңіз немесе мүлде ішпесеңіз метаболикалық синдром дерті асқынуы мүмкін, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Швеция ғалымдары мектеп оқушылары арасында зерттеу жүргізіп, таңғы асқа қандай тамақ ішетіндерін сұрап шыққан. Араға 27 жыл салып, дәл осы сауалнамаға қатысқандардың денсаулығы тексерілген. Таңғы асты дұрыстап ішпегендер немесе мүлде ішпегендер метаболикалық синдромға шалдыққаны анықталған. Мамандар мұның әлі нақты қорытынды емес екендігін және қосымша зерттеулер жүргізу қажет екендігін айтады. Алайда, қазірдің өзінде таңғы асты дұрыстап ішпеудің немесе мүлде ішпеудің денсаулыққа зиянды екендігін мәлімдеп отыр.

Метаболикалық синдромның белгілері: бас ауруы, тез шаршағыштық, демігу, терінің құрғауы, кіші дәреттің жиі келуі, қатты шөлдеу және ашығу, тершеңдік. Ғалымдардың айтуынша, таңертең дұрыстап және жеткілікті мөлшерде тамақтану денсаулыққа пайдалы әрі мидың күні бойы дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді.

Дереккөзі. bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар